ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы ұйымдастырған көру қабілеті бұзылған пайдаланушылар арасында жарияланған «Менің сүйікті кітабым» атты республикалық эсселер байқауының қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық арнайы кітапханасы атынан жолданған «Менің сүйікті кітабым-Күнкей қыз» республикалық байқауында Меркі аудандық орталықтандырылған кітапханасының кітапханашысы Нисонова Мария І дәрежелі диплом мен 150 000 теңгенің сертификатын иеленді.
Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Ерекше кітаптар әлемі» жобасы аясында «Саусақ ұшындағы инклюзия» республикалық байқауының қорытындысы бойынша «Ерекше шеберлігі үшін» АЛҒЫС ХАТПЕН және Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбайдың алғыс хатымен марапатталды.