ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы аясында қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Наурыз мерекесіне орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының қызметкері Бекетаева Айгерім «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды.