ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген «Ерекше кітаптар әлемі» жобасы аясында «Саусақ ұшындағы инклюзия» республикалық байқауы қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы қызметкері «Үздік тактильді кітап» номинациясымен Сейтбаева Гулнар Джаргаққызы (Тараз) ІІ – ДӘРЕЖЕЛІ, «Үздік бедерлі сурет» номинациясымен кітапхана оқырманы Аманқосов Қазым Бейсенұлы (Тараз) І–ДӘРЕЖЕЛІ және Уркумбаева Айгерім Маратовна (Жамбыл) «Үздік бедерлі сурет» номинацисы бойынша ІІ — ДӘРЕЖЕНІ жеңіп алса, «Үздік тактильді кітап» номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді.
Сонымен қатар, «Үздік бедерлі сурет» номинациясы бойынша Досаева Аяулым Жамбылқызы (Сарысу) мен «Ерекше шеберлігі үшін» Нисонова Мария Владимировна (Меркі) АЛҒЫС ХАТТАРМЕН марапатталды.