«ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ АЛЫБЫ»

      Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы халық ауыз әдебиетінде ерекше орны бар,қазақ бүлдіршіндерінің бағбанының өрнегі мол жырларын кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінің 8-сынып оқушылары арасында «Қазақ балалар әдебиетінің алыбы» атты әдеби портрет өткізілді. ​​​​​​​
     Әдеби портрет жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнероликпен басталып,кітапхана қызметкері жазушының балалар әдебиетіне қалам тербеп жазған туындысы «Сағындым сені,інім», «Мен апамның баласымын» әңгімелерін айтты.​​​​​​​
     Шара соңыңда ақынның кітаптарына «Өрісі кең тұлға» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.