«ҚАЗАҚТЫҢ ДАНА ҚАДЫРЫ» КВЕСТ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, публицист, сыншы, драматург, Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақтың дана Қадыры» тақырыбында квест ойынын Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы өткізді.

Аталған іс –шара Берікқара шатқалында орналасқан «Тау самалы» балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьінде өтті. Қазынаны іздеу арқылы жүзеге асатын бұл ойын 4 аялдама, 12 тапсырманы орындау бойынша жүргізілді. Аялдамалардың жүру бағытын анықтау үшін маршруттық карта беріліп отырды.

Ойын барысында қазынаны тауып, аталған тапсырмаларға жасырынған сұрақтар ақынның өмірі, шығармашылығы мен оның өлең – жырлары қамтылды. Сондай-ақ, ақынның сөзіне жазылған «Атамекен», «Жалқаубек», «Өз елім» сынды әндер орындалды. Нәтижесінде ІІІ орынды «Дәл солай, ІІ орынды «Зиги-заги», І орынды «Экипаж» командалары алды.