«ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРАТАУ-МӘҢГІЛІК ЕЛ БЕСІГІ»
Талас аудандық тарихи-өлкетану музейі мен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы бірлесе ұйымдастыруымен «Тифло-музей» жобасы аясында «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!» атты тарихи танымдық бұрышы бойынша «Қазыналы Қаратау-мәңгілік ел бесігі» тақырыбында QR-кодты толықтыру шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарын және кітаптан оқыған мәліметтерді, құлақпен естіген ақпаратарды әрбір оқырмандарымызға қолымен ұстап сезінуге, ой өрісін дамытуға жол ашуға мүмкіндік беру. Сонымен қатар, музей экспозициясына еркін қол жеткізуге жағдай жасау.
Шара барысында зағип оқырмандарға ХІХ-ХХ ғасырлардағы тұрмыста қолданыста болған мылтық, күбі мен келсап, самаурын, ағаш табақ, кебеже, ертоқым, үзеңгі, қамшы, домбыра т.б көне жәдігерлерден этнографиялық көрме ұсынылды. Сонымен қатар, көрмеге 21 QR-код қойылған жәдігерлер толықтырулар енгізілді.
