«Үй тапсырмасы» жобасы жалғасуда

     Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Үй тапсырмасы» жобасы аясында Жамбыл медециналық колледжінің мүмкіндігі шектеулі білімгерлері І топ көз мүгедектері Нұрқалық Рамазан және Шопшекова Құралаймен үй тапсырмаларын орындау жұмыстарын жүргізді.
     Оқу орнындағы үйге берілген тапсырмаларын орындау барысында зағип білімгерлеріне «Өзін-өзі массаждау» тақырыбында Гүлбаршын Икіманованың «Саулық пен сымбат» атты кітабынан «Өзін-өзі массаждау» тарауынан классикалық және нүктелі массаж туралы дауыстап оқып беріліп, емтиханға тест сұрақтарын планшет арқылы дайындалуға көмек берілді.