”ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ” ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Жамбыл жоғарғы медициналық колледжінің бірінші курстың зағип білімгерлерімен «Үй тапсырмасы» жобасы аясында үйге берілген тапсырманы бірге орындап көмектесу мақсатында «Массаждың түрлері» тақырыбында кезекті дауыстап оқу сабағы жүргізілді. «Үй тапсырмасы” жобасының қатысушылары қатысып өз сұрақтарына нақты жауабын алды.