«ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТІРЕГІ» КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен зағип оқырмандарға отбасы құндылықтарының маңыздылығын дәріптеу мақсатында 15 қыркүйек – Отбасы күніне «Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі» кездесу кеші «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелерімен өтті

Кешке Байзақ аудандық Бастауыш ұйымының Қазақ соқырлар қоғамының төрағасы Мукамбетов Еркін Жалғашұлымен жары Тілеуқабылова Нұргүл Қасымбекқызы қатысып, отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, қызықты сәттерімен бөлісті.

Шара барысында көрерменнің ыстық ықыласына бөленген кітапханамыздың тұрақты оқырманы Мәдениет саласының үздігі Ережепов Бауыржан өз өлеңдерін паш етті. Тақырыпқа сәйкес кітапханаға келіп түскен әдебиеттерден «Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.