«Өрісі кең өркенді тұлға» атты поэзия сағаты өтті

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы жергілікті ақын Маралтай Райымбекұлының өмірі мен шығармаларын, рухани мұрасын жан-жақты насихаттау мақсатында «Өрісі кең өркенді тұлға» атты поэзия сағатын Сағадат Нұрмағамбетов атындағы № 10 орта мектебінің 8-сынып оқушылары арасында өткізді.
Поэзия сағатында оқушылар екі топқа бөлініп, экранда берілген ұяшықтар арқылы ақынның өмірі және шығармашылығы жайлы сұрақтарға жауап бере отырып, жасырын жәшіктерден жазушының өлеңдерін тауып жатқа оқыды.
Сондай-ақ, ақынның өміріне байланысты қысқаша шолу ретінде бейнеролик көрсетіліп, «Поэзия жүрек тілі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.