«ӨЗЕКТІ ӨРТЕР ШЫНДЫҚ АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

          31 мамыр ашаршылық және саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы жас буынға мағлұмат бере отырып,олардың есімдерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы бірлесе отырып «Өзекті өртер шындық» атты дөңгелек үстел өткізді.​
         Дөңгелек үстел алапат ашаршылық пен жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ауыр жылдар көрінісі ретінде бейнероликпен басталып, Алаштанушы Мадияр Ералыұлы өз кезегінде қуғын-сүргін оқиғасының орын алуына қандай жағдайлар себеп болғандығы турасында ақпараттарымен бөліссе сол жылдарғы ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері жайлы «Шерхантану» бөлімінің меңгерушісі Қожамарова Назым Тоқтасынқызы ой бөлісті. ​
          Шара соңында «Зобалаң жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.