ЗАҒИП ОҚУШЫЛАРҒА ТИФЛО-МУЛЬТФИЛЬМ КӨРСЕТІЛДІ
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Шексіз кино әлемі» жобасы аясында соқыр және нашар көретін арнайы балаларға арналған №2 “Болашақ” мектеп-интернаты балаларына «Бәйдібек би» мультфильмі көрсетілді.
Мультфильм барысында балаларға тифлопікір айтылып, оқушылар қызығушылықпен тыңдап, өз пікірлерін білдірді.

