АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСТАМАСЫМЕН «АРАЙЛЫ АТАМЕКЕНІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЕНДЖІН ҚАБЫЛДАДЫҚ!

            Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктірген қасиетті Қазақстан жеріне, қонақжай еліне деген түрлі ұлт өкілдерінің тағзым білдіруінің белгісі.
          Қазақ кең болсаң, кем болмайсың деген әрқашан. Сол мінездің арқасында өзінің ғана емес, өзгенің де көңілін тауып келеді. Кішпейілділік, кешірімді болу, алғыс айта білу секілді қазақ қасиеттер де бойымызға дарыған. Сондықтан, көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесінде ең алдымен айналамыздағы адамдармен жақын болуымыз керек. Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады. Күн сайын, тіпті сағат сайын әртүрлі себептерге байланысты бір-бірімізге алғыс айтқанымыз артық болмас.Алғыс айту мерекесі құтты болсын!