АҚПАРАТ ТАРАТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ақпаратқа жауапты маманы Қуанышбай Күләй Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Ақпарат таратудың тиімді тәсілдері» тақырыбында өткен семинар-тренингке қатысты.
Семинар барысында «Ақпарат таратудағы жаңа технологиялар: SMM және мобилография әліппесі», «Ақпараттық Қазақстан: жаңа медианың дамуы» тақырыбтарында спикерлер толыққанды ақпарат беріп, егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Тренингке қатысқан әрбір қызметкерге сертификат табыстады.