АБАЙДЫ ОҚЫ ТАҢЫРҚА

      Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы қазақтың ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын жас ұрпаққа дәріптеу, ұлыларымызды құрметтеу, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу мақсатында «Абайды оқы таңырқа» атты Абай оқулары Тараз қалалық жалпы білім беретін Абай атындағы № 26 мектебінде өтті.​​​​​​​​​

Шара ұлы тұлғамыздың өмірі мен шығармашылығына шолу ретінде бейнероликпен басталып, «Бала Абайдан дана Абайға» атты көлеңкелі көрініспен жалғасын тапты. Сондай-ақ, ақынның «Есіңде бар ма жас күнің» «Құлақтан кіріп бойды алар» атты өлеңдері оқылып, үш тілдегі қара сөзідері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жатқа айтылды.​​​​​​ Сонымен қатар кемеңгер ұстаздың өмірі мен өнеріне арналған викториналық сұрақтарға оқушылар жауап бере отырып, ақынның «Үлы тұлға» атты кітаптарына библиографиялық шолуды тамашалады.​​

Шара соңында, қазақ-тілі мен әдебиет пәнінің ұстазы Байділдаева Асем хакім Абайдың шығармаларын оқушыларға сүйіп оқу керектігін айтып,кітапхана ұжымына алғысын білдірді.