АРНАЙЫ КІТАПХАНА ЖАҢАРУ КҮНІН ТОЙЛАДЫ

19 наурыз – Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Жаңару күніне орай бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру, гүлдің атауларын сырт келбетін, оларды баптап күту ережелерімен таныстыру және табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу мақсатында кітапханадағы гүлдерді жаңартып отырғызды.