АРНАЙЫ КІТАПХАНАДА ТАКТИЛЬДІ КІТАПТАРДЫҢ БАЙҚАУ ӨТТІ.

Бүгін Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханада Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Саусақ ұшындағы инклюзия» тақырыбында байқау өтті.
Мақсаты: Зағип және нашар көретін азаматтардың қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру, қимыл – қозғалыс әркекеттерін ұлғайту, эмоциалық тонусын түзетуін қамтамасыз ету. Кітапхана қорын тактильді кітап, бедерлі суреттермен толықтыру.
Байқауға Жамбыл, Жуалы, Меркі, Сарысу аудандары мен Тараз қаласынан барлығы 8 шығармашылық жұмыс келіп түсті. Олар «Үздік тактильді кітап», «Үздік бедерлі сурет» номенациялары бойынша өз жұмыстарын көпшілік алдында таныстырды.
Бағалау қорытындысына сәйкес «Үздік тактильді кітап» номенациясы бойынша І-ші орынмен Сейтбаева Гүлнар (Тараз қаласы), ІІ-ші орынмен Уркімбаева Айгерім (Жамбыл ауданына), ІІІ-ші орынмен Нисонова Мария (Меркі ауданы) марапатталды.
Ал, «Үздік бедерлі сурет» номенациясы бойынша І-ші орынды Нисонова Мария (Меркі ауданы), ІІ-ші орынды Аманқосыв Қазым (Тараз қаласы) ІІІ-ші орынды Досаева Аяулым (Сарысу ауданы) алды. Жүлделі орындарды иеленбеген Жамбыл, Жуалы аудан қатысушыларына ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Марапаттау рәсімінде жеңімпаздар мен қатысушыларға Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тарапынан диплом, Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Алдағы уақытта жүлделі орындармен марапатталған жұмыстар Республикалық байқауға жолданатын болады.