”БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ”
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекке және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай “Балалар әдебиетінің бәйтерегі” атты кітап көрмесін ұсынады.
Көрмеге ақынның шығармаларында табиғат, аңшылық өмір, балалардың адалдығы мен еңбексүйгіштігін бейнелеген туындылары ұсынылып,оқырман назарына 21 кітап таныстырылды.
о
