«БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ» КВЕСТ ОЙЫН ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында квест ойынын Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен өтті.
Аталған іс –шара Берікқара шатқалында орналасқан «Тау самалы» балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьінде өтті. Қазынаны іздеу арқылы жүзеге асатын бұл ойын 3 аялдама, 9 тапсырмадан тұрады. Аялдамалардың жүру бағытын анықтау үшін маршруттық карта беріліп, әр команда пазл, сканворд, ребус құрастырып, түрлі логикалық тапсырмаларды орындады.
Ойын соңында сайысқа түскен 3 команда өздерінің білімі, шапшаңдығы, тапқырлығы жағынан бір-бірінен қалыспады. Дегенмен ойынның шартына сәйкес ІІІ-ші орынды «Ай-хай» командасы, ІІ-ші орынды «Калифорния», І-ші орынды «Самурай» командасы иеленіп, арнайы сыйлықтармен дипломдармен марапатталды.