“БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ” КВЕСТ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ұйымдастыруымен балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» квест ойыны «Тау самалы» балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьінде жалғасын тапты.
Қазынаны іздеу арқылы жүзеге асатын бұл ойында қатысушылар пазл, сканворд, портреттік нұсқаулық, түрлі логикалық тапсырмаларды орындады. Ал, квест ойынын тамашалауға келген демалушы балалар ойынан тыс арқан тартысып, виктариналық сұрақтарға жауап беріп ойынды қызықтыра түсті.
Жалпы сайысқа түскен Айдаһар, Чемпион және Голливуд командалары өздерінің білімі, шапшаңдығы, тапқырлығы жағынан бір-бірінен қалыспады. Дегенмен ойынның шартына сәйкес ІІІ-ші орынды «Голливуд» командасы, ІІ-ші орынды «Чемпион», І-ші орынды «Айдаһар» командасы иеленді.