«Балалардан балаларға» жобасы аясында дыбыстандырылған қос кітаптың тұсауы кесілді

№2 арнаулы Болашақ мектеп интернатында «Балалардан балаларға» жобасы аясында «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты дыбыстандырылған аудио кітаптардың тұсау кесер рәсімі өтті. Аудио таспада әдебиет әлеміне тың ой әкелген қазақтың біртуар ақындары С. Торайғыров пен М. Жұмабаевтың жігерлі өлеңдері жинақталған.
Іс – шара барысында қос ақынның отты жыр – шумақтары оқылып, компазициялық қойылымдар көрсетілді. Дыбыстық кітаптардың тұсауын И.Панфилов атындағы №39 гимназиясының директоры Раптаева Гулнара Муратбекқызы мен №45 гимназиясының директоры Шортанбекова Фарида Советбекқызы кесіп «Болашақ» мектеп-интернатының директоры Жақсылықова Эльмира Сауқымбекқызына табыс етті.
Сөз кезегінде Жақсылықова Эльмира Сауқымбекқызы алғысын білдіріп, аталған жобаның көру қабілеті бұзылған оқырмандар үшін үлкен мүмкіндік екенін айтып, интернат оқушылары қуатты қалам иелерінің өлеңдерін тыңдап, тәжірибелік құрал ретінде үлкен бастамаларға жол ашатынын баса айтты.
Рухани кеш мәнді де мағыналы арнаулармен өрнектеліп, жиналған қауымға мол рухани әсер сыйлады.