«BOOK FM» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының «BOOK FM» жобасы аясында «JAMBYL» радиосында «Өмірде шектеу жоқ!» тақырыпта Қазақ Соқырлар Қоғамдық бірлестігінің қызметкері 1 – топ көз мүгедегі Бөкеев Асылбекпен сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында тағдырдың жазуына бой бермей, дү¬ниенің тетігіне кірпіш бо¬лып қаланғысы келетінін жеткізіп, арнайы кітапхана көру мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мүмкіндіктер мекені екенін баса айтты. Мәселен, «Брайлист» үйірмесіне қатысып, Брайль қаріпімен танысуы арқылы нүктелі бедерлі қарпіндегі ақпараттарды оқуға, жазуға мүмкіндік алғанын ерекше айта өтті. Сонымен қатар, бүгінгі қоғамда зағип жандар үшін, бірқатар қиындық туғызып жүрген мәселелер бойынша да сөз қозғалды.
Толығырақ «JAMBYL» радиосы 100,8 FM толқынынан тыңдай аласыздар