«ДІН — ТӘРБИЕ БАСТАУЫ» АТТЫ ДИАЛОГТЫҚ КӨРМЕ ӨТТІ

🔷Бүгін арнайы кітапхана «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелерінің қатысуымен «Дін — тәрбие бастауы» атты диалогтық көрмені ұйымдастырды. Іс-шара мақсаты:
Негізгі діндер мен конфессиялардың пайда болу тарихынан және олардың қазіргі уақытта қоғамыздағы таралуынан мағлұмат беру. Діннің тәрбиелік мәнін ашып, оның адам өміріндегі маңыздылығын көрсету.

🔷 Диалог көрмеде жалпы әлемде кең таралған Ислам, Христиан, Будда діндерінің тарихымен таныстырылды. «Ислам» дінінің өкілі Атакөзиев Ермек қасиетті Құранда қанша сүре бар екендігі, сондай-ақ Ислам дінінің парызымен, ең қысқа сүресімен, ең ұзақ айтылытын сүрелері туралы айтса, «Христиан» дінінің өкілі Ланшакова Анна өз кезегінде, бүкіл христиандар діннің негізі болатын, келісілген ортақ ұстанымдар бар, көп таралған тармақтары — католицизм, православтық және протестантизм екенін айтып өтті.

🔷 Диалогтық көрме соңында «Дін — тәрбие бастауы» атты кітап көрмесі насихатталды.