ЕЛ ҚОРҒАНЫ-АЙБЫНДЫ ӘСКЕР АТТЫ БИБЛИОДЕСАНТ

         Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы оқушыларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу мақсатында «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты, «Даңқ» залында №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының оқушылары арасында 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай «Ел қорғаны –айбынды әскер» атты библиодесант ұйымдастырылды.
         Библиодесантта оқушыларға «Ерлік даңқы мәңгілік» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, ұлы даланың дара тұлғаларының өмір жолдары таныстырылды.
          Музей қызметкері Жамбыл облысынан шыққан Кеңес Одағы батырлары турасында өз кезегінде қазақстанның әскери жасақтарының тыныс-тіршілігі бойынша кеңінен мағлұмат берді.
          Сонымен қатар, зағип оқушыларға «Бейбіт күннің батырлары» тақырыбындағы экспозициясынан құралған арнайы бұрышқа экскурсия жасады.