ЕЛ ЖАСТАРЫ ЕЛБАСЫ САЯСАТЫН ҚОЛДАЙДЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Болашақ» мектеп интернатының оқушыларымен 1желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Ел жастары Елбасы саясатын қолдайды» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Болашақ ұрпаққа Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа дағдыландыру. Ел президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор болуға, оқырмандарға елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту болды. Осы орайда «Болашақ» мектеп интернатының оқушыларына Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың балалық шағы, еңбек жолы, шығармашылығы жөнінде мәліметтер беріліп, «Президент болу үшін қандай қасиеттер болу керек…», «Егер де мен Президент болсам…» деген сұрақтарына өз пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, Еламан Салауат Н.Ә.Назарбаевтың туған жеріне арналған «Үш қоңыр» әнін нақышына келтіріп орындап, оқырмандарға патриоттық тәрбиені бойларына сіңірді.