«KENES TIME» жобасы “Қолдау бар жерде — үміт бар
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» КММ «KENES TIME» инклюзивтік жобасы аясында «Қазақ зағиптар қоғамының» мүшелерімен «Қолдау бар жерде -үміт бар» тақырыбында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Тараз қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының бас маманы Н.К.Несипбаев және ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінде тіркелген Банкроттық саласындағы қаржы басқарушысы А.А. Момынова мен Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының Берешекпен жұмыс бөлімінің бас маманы А.Ш.Абсаматованы шақырып, кездесу ұйымдастырды. Отырыста қазіргі қоғамның басты мәселелерінің біріне айналған- берешекте қалған несие мәселелерін жан-жақты қозғап, несиені жою, кешіру, жабу немесе банкроттыққа қатысты, әлеуметтік және жеңілдікке байланысты сұрақтарға жауаптар мен бірге тиімді ақпараттар мен кеңестер берілді.
Шара соңында оқырмандар арасынан несие бойынша тығырыққа тірелген 4 азаматшаның жеке өтінімдері маман иелеріне беріліп, мәселелерінің оңтайлы шешілуінің жолдарын қарастырып, бақылауға алатындығын сөз етіп, ұялы телефондарымен алмасты.

