КІТАП — ӨНЕР, БІЛІМ ОРДАСЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Қазақстанның оқырман ұрпағы–2021» жалпы ұлттық акциясын жүзеге асыру, оқу мәдениетін дамыту және қолдау, әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Кітап — өнер, білім ордасы» атты облыстық кітапханашылар байқауын өткізді. Байқауға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мәдениет және өнер бөлімінің» бас маманы – Құттыбаева Жадыра Нұржанқызы, «Тифлология» бөлімінің кітапханашысы – Бегимов Ербол Аққайұлы, «Болашақ» мектеп-интернатының кітапханашысы – Саткулова Каракөз Бөлекбайқызы қатысты.
Сайыс барысында Байзақ, Жуалы, Сарысу, Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары байқау ережесінің шарттарына сәйкес «Таныстыру», «Мамандығым – мақтанышым», «Сұрақ-жауап», «Брайлист», «Өнерлі кітапханашы» кезеңдері бойынша бақ сынасып, өз өнерлерін, кәсіби біліктіліктерін көрсетті. Сондай-ақ, Кенен Әзірбаев атындағы филармониясының әншісі, Әділет Әбдікерімов «Үш Меркі», «Желдірме», кітапхананың тұрақты оқырмандары Жұматаев Алмат «Туған жер», Шадырқұлова Сағынкүл Тұрсынбайқызы «Көңілді күн» әндерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Байқау соңында кітапханашы мамандығының сапасын, интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін қалыптастыратын, мүмкіндігі шектеулі оқырмандармен жұмыс жасауда инновациялық бағдарламаларды іске асыратын ізденпаз кітапханашылар анықталды. Әділ-қазылар шешімі бойынша I-орын Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Төлегенова Айгүл Төлегенқызы, II-орын Байзақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Рахманқұлова Жанар Тұрсынбекқызы, III-орын Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Темірбаева Мөлдір Ғанижанқызы иеленіп, Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Жанжолова Ақжарқын Серікбайқызы Алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды.