КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ МЕН ОҚЫРМАНДАРЫ “РАУАН” БАҒДАРЛАМАСЫНДА

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының оқырманы Есимов Ғалымжан жары Есимова Гүлнұр және кітапхананың әдіскері Гүлзада Таласбай «Jambyl» телеарнасының таң ертеңмен көрерменге тікелей эфирде өтетін «Рауан» бағдарламасына қонақ ретінде шақыртылды.

Эфир 15 қыркүйек «Отбасы күніне» арналды. Кітапхана оқырмандары «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында сөз өрбітіп, отбасылық өмірлері турасында және күнделікті тыныс-тіршіліктерінде тап болатын қиындықтары баяндап берді. Ал, кітапхана қызметкері бүгінгі таңдағы зағип оқырмандар соның ішінде отбасылы оқырмандарға жасалынып жатқан жұмыстар, кітапхана саласының зағип азаматтарды қоғамға бейімдеу бойынша жүргізілетін жобалармен таныстырды.