Кітапхана қызметкерлері аттестациялаудан өтті

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру және білімін тексеру, атқарып отырған лауазымына сәйкестігін анықтау мақсатында жоспарлы түрде аттестациялау жүргізілді.
Аттестациялау барысында кітапханашылардың теориялық білімі, кәсіби құзыреттілігі, ақпараттық технологияларды қолдану дағдылары және оқырмандармен жұмыс істеу қабілеті жан-жақты бағаланды. Бағалау нәтижесінде кітапханашылардың басым бөлігі өз лауазымына сәйкес екенін дәлелдеп, жоғары нәтижелер көрсетті. Тифлология бөлімінің кітапханашысы, тифло-педагог Е.А.Бегимов жоғары санат алды.