«КІТАПХАНА TV» ЖОБАСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ

19 қыркүйекте «Кітапхана TV» жобасы бойынша «Дарынды балаларға араналған мамандандырылған IT лицей интернатының 11 «Б» сынып оқушысы Мусатфа Гүлсезіммен сұхбат жүргізілді.
Сұхбат барысында Гүлсезімге бірқатар кітап оқуға деген қызығушылығыңыз қанша жастан оянды? Қазіргі жастар неге кітап оқымайды? Себебі неде? Т.б сауалдар қойылып, өзінің бүгінге дейінгі оқыған 100 – ге жуық бірқатар кітаптары турасында таңдаулы қысқаша мазмұндарымен бөлісті. Мәселен қазіргі жастардың кітап оқымауы турасында былай деп пікір білдірді : «Қазіргі кезде кітап оқымайтын басты себеп: ол әлеуметтік желілер. Яғни жастардың уақыт үнемдегісі келеді, осы тұста кітапты оқитын жастар өте аз. Кітап мүлдем оқимайды деген пікірде айтып тұрған жоқпын,бірақ кітап оқысада қазіргі кездегі қиял әлеміне кеткен жанрда көп оқиды». Сонымен қатар жастарға мотивациялық кітаптар оқудың пайдасы көп екендігін атап айтып, «Абай жолы» (Мұхтар Әуезов), «Ұшқан ұя» (Бауыржан Момышұлы), «Бай әке, кедей әке» (Роберт Кийосаки, (Шэрон Л.Лектор), кітаптарын оқуға ұсынды.