«МЕРЕЙІ ҮСТЕМ МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ»

21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Мерейі үстем мәдениет майталманы» тақырыбында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі, қазақ өнеріміздің көкжиегін кеңейтіп жүрген өнер адамы Тинасилова Гүлшат Ахметқызымен кездесу кеш өтті.

Кеш барысында өнер иесі оқырмандарға өзінің өмірі мен өнер жолынан сыр шертумен қатар, өнегелі тәрбие, тағылымды әңгіме өрбітті. Сонымен қатар Гүлшат Ахметқызы өз шығармаларынан әуезді әндерін тарту етіп, оқырмандарға әсерлі көңіл күй сыйлады.