Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінен Тифлоэкспозициялық бұрыш ашылды

Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Республика күніне орай, Тифломузей жобасы аясында Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін» атты зағип азаматтарға арналған экспозициялық бұрыш ашылды. Экспозицияға Меркі ауданының тумасы, Қоғам және мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровтың қорынан А.Асқаровтың жеке заттары қойылды. Зағип жандарға арналған экспозициялық жәдігерлерге заманауй үлгідегі QR–код қойылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар смартфонды жәдігердің кодын енгізу арқылы музейдегі жәдігерлермен қолмен сипап, құлақпен есту арқылы таныса алады.
Сондай-ақ, аталған көрмеге Меркі аудандық тарихи-өлкетану мезейінің директоры Базилов Айдын Алаудинұлы, Меркі аудандық арнайы кітапханасының оқырманы Сәрсенбаев Амангелді Тифлоэкспозицияны салтанатты ашып, арнайы кітапхана оқырмандары мен музей қонақтары қатысты. Аудандық зағип оқырмандары мен музей қонақтары алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының Меркі аудандық бөлімінің кітапханашысы Нисонова Мария музейге Брайль қарпіндегі Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жолдауын және өз қолымен жасаған қолөнер туындысын сыйға тартты.