«МОМЫШҰЛЫ – МӘҢГІЛІК МҰРА»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Бекет Момынқұлдың «Момышұлы әлемі» кітабын оқырмандарға насихаттау мақсатында Қазақ Зағиптар қоғамы мүшелерімен «Момышұлы – мәңгілік мұра» танымдық сағаты өтті.

​ Шара барысында қазақтың біртуар батыры, аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктері кеңінен баяндалды. Сонымен қатар, соғыс жылдарындағы батырдың жауынгерлік ерлігі, сұрапыл соғыстан кейінгі бейбіт өмірі туралы мәліметтер беріліп, Бауыржан Момышұлының тұлғасы мен мұрасына қатысты айтылып жүрген аңыздар таныстырылды.

Шара соңында кітаптың мазмұны мен батырдың бойындағы қаһармандық қасиеттер жайлы пікірлер ортаға салынып, оның рухани және әскери мұрасына қызығушылықтары артты.