ОТБАСЫ — ӨМІР АЯСЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Жүрек жарды» жобасы аясында 15 – қыркүйек отбасы мерекесіне орай «Отбасы – өмір аясы» атты зағип жанұялардың қатысуымен рухани кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты — отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту, неке мен отбасының ұлттық құндылықтарын насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету.

Кездесу барысында әр бір зағип отбасылар өмірдің ыстық-суығына бірге төзген, қуанышты күндер мен қиын сәттерде бір-біріне сүйеу болып өткізген шақтарды әсерлеп баяндап берді. Сонымен қатар бүгінгі қоғамдағы отбасы турасындағы өзекті сауалдар орын алып, қатысушылар ой – пікірлерімен алмасты.