ОТБАСЫМА ТАҢҒЫ АС!

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Тифло-асхана» жобасы аясында «Отбасыма таңғы ас!» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Зағип оқырмандарға таңғы ас дайындаудың қарапайым әрі қолжетімді тәсілдерімен таныстыру, ас әзірлеу арқылы отбасылық махаббат пен бірлікті нығайту мақсатында ұйымдастырылған кезекті шығарылымға кітапхананың тұрақты оқырманы Сабырова Жанерке Қайратқызы қатысып, сары майдың жасалу жолдарын үйренді.

Шеберлік сағат барысында қатысушы көзі әлсіз көретін жандарға мотивациялық кеңес беріп, тағам әзірлеу тәжірибесімен бөлісіп, дәстүрлі ас дайындау жайында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, алға қойған мақсаттары мен армандарымен бөлісті.

Іс-шара соңында кітапханашы жобаға қатысушыға арнайы сыйлығын табыстап, деніне саулық, ісіне сәттілік тіледі.