”РЕТРО-ШЛЯГЕР” ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында Қазақстан Республикасының көру бойынша мүгедектердің көркемөнерпаздар шығармашылықтарын насихаттау мақсатында «Ретро — Шлягер» облыстық іріктеу байқауы өткізілді.
Байқау барысында көру мүмкіндігі шектеулі кітапхана оқырмандары 80 жылдары сәнге айналған, әсем сазы мен сөзі талай жүректердің төрінен орын алған әндерді шырқады. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бәсеке қорытындысы бойынша Есимов Ғалымжан 1 – орын, Сенбекова Алтынай 2 – орын, Құттыбаев Шорахан, Мукамбетов Еркін 3 – орынды иеленіп, дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, қатысқан басқа да үміткерлерге ынталандыру сыйлықтары табыс етілді
.