“Рухани қазына -2023” республикалық мәдениет және өнер қызметкерлерінің фестивалі аясында кітапханашылар тәжірибе алмасуда

“Рухани қазына -2023” республикалық мәдениет және өнер қызметкерлерінің фестивалі 3-ші күні Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасында кітапхана мамандарына шеберлік сағаттары өткізілді. Аталған мастер класс барысында құжатты консервациялау сонымен қатар әлеуметтік желілерде дұрыс жұмыс жүргізу методикалары бойынша ақпараттар беріліп, іс- жүзінде тәжірибелер көрсетілді.