“Рухани қазына -2023” республикалық мәдениет және өнер қызметкерлерінің фестивалі жалғасуда

“Рухани қазына -2023” республикалық мәдениет және өнер қызметкерлерінің фестивалі 4-ші күні. Қазақстан Республикасының ұлттық музейінде фестивал қатысушыларына шеберлік сыныптары өткізілді. Шеберлік сағаттың 1-ші бөлімінде ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы Сейітова Күміс Қарсақбайқызы мәдениет және өнер саласындағы нормативтік-құқықтық актілер турасында толық ақпарат беріп, мәдениет қызметкерлері өзекті сауалдар қойып, тұщымды жауаптар алды. 2- ші бөлімде барша қатысушылар ҚР ұлттық музейіне экскурсия жасады.