Рухани келісім бірлік пен тұрақтылық

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы қазақ халқы қашаннан да тарихы терең, шежіресі шерлі бауыры кең ел болғанын насихаттау мақсатында Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім бірлік пен тұрақтылық» атты әдеби борокко Қазақ соқырлар қоғамының зағип оқырмандар арасында өткізілді.
Шара барысында ел тұтастығы мен рухани келісімнің маңыздылығы және адамзаттың үйлесімді де берекелі өмір сүруінде екенін оқырман қауымға ұғындырып, «Бірлік пен тұрақтылық» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды. Көрмеге «Менің Отаным Тәуелсіз Қазақстан», «Мәңгілік ел-Қазақстан», «Қазақстан: бірлік және келісім мекені», «Менің елім Қазақстан», «Тәуелсіз Қазақстан» атты кітаптар қойылды.