”СЕРІКБОЛ ЕҢБЕГІ -ШЕКСІЗ ӘЛЕМ” АТТЫ ТАРИХИ САҒАТ ӨТТІ.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін жән әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Серікбол еңбегі – шексіз әлем» атты Қазақ Соқырлар Қоғамында тарихи сағат өткізілді.
Мақсаты – ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан Серікбол Қондыбайдың шығармашылығын өскелең ұрпаққа таныту, ғылыми мұрасын насихаттау, оның өмірін үлгі ету.
Іс – шара барысында әр еңбегінде өткен тарихымыз бен заманауи өмір салтымызды ерекше ұштастыра бейнелеген өлкетанушы ғалым турасында ҚСҚ қоғам мүшелеріне толық ақпарат беріліп, кітапхана қорындағы Серікбол Қондыбайдың «Жауынгерлік рух кітабы», «Қазақ мифологиясы», “Қазақ даласы және герман тәңірлері” атты кітаптары оқуға ұсынылды.