ШӘКЕН НИЯЗБЕКОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 85 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ» АТТЫ ФОТОМАРОФОН

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы белгілі тұлға Шәкен Ниязбековтың туғанына 85 жыл толуына орай «Қылқалам шебері» атты фотомарофон №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларымен өтті.
Интернат оқушыларына қазақ сурет өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы, Шәкен Ниязбековтың өмір жолы, жасаған еңбектері мен шығармашылығы таныстырылды.
Сонымен қатар, «Қыл қаламмен өмірді өрнектеген-тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шебердің атына берілген Шәкен Ниязбеков ауылында «Ту тұғыры» монументі ашылғандығы туралы мәлімет берілді.
Шара соныңда оқушылар автор турасында толық ақпарат алып, қызықтырған сұрақтарына жауап ала отырып, өзара пікір алмасты.