ШАХМАТ СПОРТ ОЙЫНЫНАН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ

       «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт» басқармасы мен «Қазақ ұлттық ойын қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында Шахматтан тірек-қимыл аппараты зақымданған, есту және көру қабілеті төмен ересектер мен жастар арасында Жамбыл облысының жекелей (классика, рапид) чемпионаты өтті.
        Чемпионатқа қатысқан 34 спортшы арнайы диплом мен медальдармен марапатталды. Арнайы орынмен марапатталған спортшылар республикалық жарысқа қатысатын болады.