”ШЕКСІЗ КИНО ӘЛЕМІ”

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Шексіз кино әлемі» жоба аясында № 2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының оқушыларына «Қасқыр мен тышқан», «Алтын алма» атты қазақ халық ертегілерін көрсетілді.
Мультфильм барысында кітапханашы тифлопікірін айтып, сонымен қатар оқушылар ертегілерінен алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын талқыға салды.
Тифлокиноның соңында кітап қорынан нүктелі – бедерлі қаріпінде және жайпақ баспалы әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.