«Шексіз кино әлемі» атты зағип жандарға арналған кино көрсетілімі «Қазақ Соқырлар Қоғамының» мүшелері мен тұрақты оқырмандар тифлопікірі бар «Поводырь» киносын тамашалады.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық ортаға бейімдеу, өзін-өзі дамытуы мен кітап оқуға баулу және зағип оқырмандарға арналған тифлопікірі бар киноларға қолжетімділікті арттыру мақсатында «Шексіз кино әлемі» атты зағип жандарға арналған кино көрсетілімін жүйелі түрде жүргізуде. Кезекті көрсетілімді «Қазақ Соқырлар Қоғамының» мүшелері мен тұрақты оқырмандар тифлопікірі бар «Поводырь» киносын тамашалады.
Іс-шара барысында «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған «Саусағымның ұшымен терең терген қазынам» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып,оқуға берілді. Кино соңында зағип оқырмандар кинодан алған ерекше әсерлерін айтып, өз пікірлерімен бөлісті.