«Шексіз кино әлемі» атты жоба аясында көзі көрмейтін және әлсіз көретін жандарға арналған тифлокиноның кезекті шығарылымында «Огнеупорный» тифлопікірі бар фильмі көрсетілді

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық ортаға бейімдеу,өзін-өзі дамытуы мен кітап оқуға баулу және зағип оқырмандарға арналған тифлопікірі бар фильмдер мен мультфильмдерге қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Шексіз кино әлемі» атты жобасы аясында көзі көрмейтін және әлсіз көретін жандарға арналған тифлокиноның кезекті шығарылымында «Огнеупорный» тифлопікірі бар фильмі көрсетілді.
Көрсетілімде көзі көрмейтін және нашар көретін жандар экраннан көрсетіліп жатқан кинодағы болып жатқан әрбір іс-қимыл, адамдардың қас-қабағындағы эмоцияларын дыбыстандырылған тифлопікір арқылы біліп, толықтай естіп, киноны қызығушылықпен тамашалады. Көрсетілім соңында оқырмандар көрген көріністерін ортаға салып талқылап, өз пікірлерін айтып, кинодан ерекше әсер алғандықтары мен бос уақыттарының тиімді өткізгендіктерін жеткізді.
Іс-шара соңында аудио кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, кітап оқуға берілді.