«ШЕШЕН СӨЗ ШЕБЕРІ» АТТЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТ ӨТТІ

     Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы оқушыларға Әйтеке бидің даналық, шешендік сөзін жас ұрпаққа насихаттау, оқырмандардың тағылымына, ұлағатына деген қызығушылығын арттыру, даңқты тұлғаның өмір жолы туралы кеңінен таныстыру мақсатында ХVІІ ғасырдың белгілі қазақ биі Әйтеке биге 380 жыл толуына орай «Шешен сөз шебері» атты парасаттылық сағат өтті.
     Аталған шара №2 арнайы «Болашақ» мектеп-интернаты оқушыларымен өткізілді. Парасаттылық сағат барысында Әйтеке бидің даналығы оның патриотизмін, еңбексүйгіштігін, парасаттылығы мен өз халқына адалдығын көрсеткендігі жайлы сыр шертіліп, Дана бидің өмір жолынан бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ Жамбылдық айтыскер жас ақын Дидар Апбасов өз арнауын оқушыларға тарту етті.
Шара соңында оқушылар Әйтеке бидің нақыл сөздерімен шешендік сөздерін паш етіп, арнайы кітапханаға келіп түскен әдебиеттерден «Аталы сөз иесі-Әйтеке би» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.