“ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ!”
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Кenes time» жобасы аясында «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелеріне «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу!» тақырыбында кездесу отырысын ұйымдастырды. Жиында «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің» мамандары қонақта болып, қоғамда белең алып тұрған зорлық-зомбылық мәселесін жан-жақты талқылады.
Шара соңында зағип оқырмандар «Чайка емханасы» аялдамасы маңы мен «2-ші Арбат» бойын үйсіз кезбелердің келеңсіз жағдай тудыратындарын жеткізді.

