Тараздық зағип жандар Халықаралық көрмені тамашалады.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Халықаралық «Ақ таяқ» күніне орай «Жандүние үйлесімі» атты тақырыптағы апталық зағип жандардың Халықаралық «ASPARA FASHION WEEK» көрмесін тамашалаумен бастау алды.
Кітапхана оқырмандары шетелдік қолөнершілердің бұйымдарынан өздеріне және жақындарына сыйлық жасаудан да қалыс қалмады.