«Тарих пен тағдыр тұлғасы»
Бір күн-бір дәуір, уақыт капсуласы
Қазақ әдебиетінің заңғар жазушысы, тарихи роман жанрын биікке көтерген Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына орай «Тарих пен тағдыр тұлғасы» бір күн-бір дәуір,уақыт капсуласы форматында тағылымды кеш өтті.
Кеш Сағадат Нұрмағанбетов атындағы №10 мектеп оқушыларының қатысуымен өтті. Бағдарламада ерекше дәстүрлі емес кітап көрмесі, жазушы нақыл сөздері, мазмұнды бейнеролик ұсынылды.
Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» романы кеңінен таныстырылып, Қабанбай батырдың асқақ бейнесі арқылы елдік рух дәріптелді. Кеш соңында жазушы мұрасы – ұлт руханиятының асыл қазынасы екені ерекше аталып, бұл шара жас ұрпақтың рухани әлемін байытқан әсерлі кездесу ретінде есте қалды.

