«Текті сөздің тірегі»

Жамбыл облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен «Әулиеата-кітап оқитын өңір» акциясы аясында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Текті сөздің төресі» атты жазушыға 100 сұрақ кешін ұйымдастырып, Елен Әлімжан Әбдуатұлының өмір жолы мен шығармашылық мұрасын дәріптеп, оқырман мен көрермен қауымға оның әдеби әлемі кеңінен таныстырылды.

Жазушының «Бауыржанның пырағы» және «Абайтаудың арғы жағы мен бергі жағы» кітабының нүктелі бедерлі Брайль қарпіндегі сонымен қатар аудио нұсқадағы кітабының, 2 бірдей әдебиеттің тұсаукесері –өтті.

Шара барысында қоғам зиялылары мен жазушының жақындары, шәкірттері арқылы тұлғаның ішкі әлемі ашылды.